Хабар телеарнасы

Сеулде Хэллоуинді мерекелеу кезінде Қазақстан азаматы қаза тапқан

Журналист елшілік қызметкерлерімен бірге марқұмның мәйітін анықтау кезінде болған. 26 жастағы ақтөбелік Корея университеттерінің бірінде магистратурада оқыған. Полицейлер оқиға болған жерден оның ұялы телефоны мен құжаттарын тапқан. Марқұм Хэллоуин фестиваліне достарымен бірге барған. Қазір дипломаттар қыздың туыстарымен байланысқа шығып жатыр. Кореяда ұлттық аза тұту жариялануына байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінде мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Соңғы мәлімет бойынша 151 адам қайтыс болды. Олардың 19-ы шетелдіктер. Арасында – Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде Хэллоуинды мерекелеу кезінде 153 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жарақат алған. Қайғылы жағдай Итхэвон ауданында болған.