Хабар телеарнасы

Украинада электр энергиясын үнемдеу режимі күшіне енді

Ел президенті Владимир Зеленский қазанның 10-нан бері Ресей шабуылдарынан елдегі электр станцияларының 30% жойылғанын мәлімдеді. «Укрэнерго» компаниясы жарық күніне 4 сағатқа дейін өшуі мүмкін екенін айтады. Тұрғындарға телефондарды қуаттандыруға, су қорын жинауға және жылы киім дайындауға кеңес берілді. Бүгіннен бастап көшедегі шамдарды қолдану уақыты да қысқарады.