Хабар телеарнасы

Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

Түркия басшысы екі ел арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, парламентаралық ынтымақтастықтың маңызы зор екенін жеткізді. Көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда, көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан құрама командасымен кездесіп, Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі.