Иранда халық наразылығы күшейді

Әзірге полиция мен демонстранттар арасында болған қақтығыстар салдарынан зардап шеккендер мен қамауға алынғандардың нақты саны белгісіз. Елдегі толқулар 22 жастағы Махса Амини есімді жергілікті тұрғынның өлімінен кейін басталған. Өткен аптада Тегерандағы полиция оны хиджабты дұрыс кимегені үшін тұтқындаған. Марқұмның ата-анасы полиция учаскесінде оған қарсы күш қолданылғанын айтады. Алайда құқық қорғаушылар мұны жоққа шығарып отыр.