Хабар телеарнасы

Референдум заңға сай жоғары деңгейде өтті – ТМД байқаушылары

ТМД елдерінен келген бақылаушылардың қорытындысы осындай. Бұл туралы олар ұйымдастырылған брифингте мәлімдеді. Делегаттар құрамында елімізге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан 144 байқаушы келген болатын. Олардың бір тобы мамыр айынан бастап осында жұмыс істеді.

Леонид Афимов, ТМД елдерінен келген бақылаушылар миссиясының жетекшісі:

- Біздің миссия Ақмола, Қарағанды, Шығыс пен Батыс Қазақстан, облыстарында, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында байқау жүргізді. Шет елдердегі учаскелерде де жұмыс жасады. ТМД бақылаушылары 865 дауыс беру орнында болды. Ерлі-зайыптылар бірге кіріп кеткен сияқты тәртіп бұзушылықтарды ескермесек, референдум толықтай заң аясында өтті.