Хабар телеарнасы

Референдумға дайындық Германияда да қызу жүріп жатыр

Оның бірі Берлиндегі Қазақстан елшілігінде болса, екіншісі Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдық ғимаратында орналасқан. Референдумға Германияда жұмыс істеп жүрген отандастарымыз, студенттер және дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері қатысады деп жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін 200-ден астам азамат дауыс беретінін растаған.

Шолпан Шынасылова, Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Референдумға дайындық жүргізген кезде біздің консулдық бөлімдер бүкіл Германияда қазіргі таңда жүрген қазақстандық азаматтарға ақпарат беріп, елшіліктің бас консулдық сайттарында, әлеуметтік желі парақшаларында хабарламалар тараттық. Қазіргі тізімде 200-ден астам, мүмкін 300-ге тарта Қазақстан азаматтары тіркелген.