Мексикада коронавирусты күнделікті жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді
- Категория: Әлемде

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 33 мың 626 адам ковидке шалдыққан.
Соңғы рет 30 мың науқас 8 қаңтарда анықталған болатын. Бірақ жұқтырғандар саны артқанымен, ауруханаға түсіп жатқандар қатары аз. «Тұрғындар көбінесе үйде ем алғанды жөн көреді», – дейді сарапшылар. Бұл елде вакциналау қарқыны жоғары. Ересек тұрғындардың 88 % – толық екпе салдырған.
Клаудия Шейнбаум, Мехико мэрі:
- Біз тестілеуді жиілеттік. Қазір күніне 30 мыңнан астам тест алынып жатыр. Бұл жағынан Мехико ел бойынша көш бастап тұр. Ауруханаларда көп орын бар. Ковид жұқтырған адамдар мұны біліп жүрсін.