Хабар телеарнасы

Қазақстанның Кабулдағы елшілігі тәліптердің күзетінде тұр

Талибандықтар Қазақстан елшілігі орналасқан аумақты басып алғанда, біздің елші сыртқа шығып, тәліптермен тілдескен, олар Қазақстан елшілігі екенін естіген соң: «Жұмыс істей беріңіздер, біз сіздерді күзетеміз», – деп уәде еткен. Әзірге байланыс осындай бейресми деңгейде, Қазақстан тәліптерді мойындаған жоқ.

Ақан Рахметуллин Ауғанстандағы этникалық қазақтарды Қазақстанға оралту жайында да жауап берді. Ондағы 13 этникалық қазақ отбасылардың бәрі бірдей Қазақстанға оралғысы жоқ екен.

Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

-Біздегі қазіргі мәлімет бойынша Ауғанстанның солтүстік аудандарында орналасқан 13 этникалық қазақ отбасы бар. Олармен елшілік үнемі байланыста. Елге эвакуациялау мәселесі де нақтыланып жатыр. Олардың барлығы Қазақстанға қайтқысы жоқ деген де мәлімет бар. Қажетті адам саны жиналған соң шешім шығады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.