Хабар телеарнасы

Израильдегі қақтығыс: 75 қазақстандық дін аман

Олардың дені – қызмет бабымен немесе біліктілікті арттыру мақсатында сапармен барғандар. Елордадан Израильдің Хайфа қаласына тәжірибе алмасуға барған дәрігер Алмат Жандәулетовпен байланыстық. Ол: «Жағдайымыз тұрақты, қауіп жоқ», – деп отыр.

Алмат Жандәулетов, Нұр-Сұлтан қаласы №2 қалалық ауруханасының лор дәрігері:

- Жалпы Израильде жағдай тұрақты. Біз елдің солтүстігінде орналасқан ірі қалада тұрамыз, бұл жаққа ешқандай зымырандар жетпейді. Газадан біз алыс орналасқанбыз, қаланың өзінде тіршілік бұрынғыдай, ешқандай өзгеріссіз жүріп жатыр. Елшілік бізге хабарласып тұрады. Бізге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұрынғыдай жұмысымызды жалғастыра береміз, қорқатындай, қайтуға себеп болатындай әзірше ешқандай жағдай болып жатқан жоқ.