Хабар телеарнасы

ДДСҰ коронавирусқа байланысты төтенше жағдай мерзімін ұзартты

DDSU

Бұл туралы Женевада өткен отырыста айтылды. Күні кеше ғана COVID–19 ауруын әлем бойынша 290 мың адам жұқтырып жаңа рекорд тіркелген болатын. Ұйым инфекциямен күресті жалғастыруға және ғылыми зерттеулерге қолдау керсетуге  шақырды. Мамандар пандемия жүз жылда бір болатын құбылыс екенін айтады. Бірақ бұл жолғы індет түрлі болжамдарға қарағанда ұзақ уақытқа созылатын сияқты.