01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Google пайдаланушылардың деректер тарихын автоматты түрде жоятын болды

  • Категория: Әлемде
Google пайдаланушылардың деректер тарихын автоматты түрде жоятын болды

Google компаниясы пайдаланушылардың деректер тарихын автоматты түрде жойып жіберетін функция жасап шығарды.

Бұл туралы компанияның бас директоры Сундар Пичаи мәлімдеді.

1,5 жыл өткеннен кейін компания тұтынушыларының іздеу, геолокация және дауыстық жазбаларының тарихы өздігінен жойылады. Компания басшысының айтуынша, бұл функция пайдаланушылардың құпиялылық саясатын жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге бұл қызметті пайдаланушылар өшіре де алады немесе деректерді жүйеде сақтау мерзімін үш айға дейін қысқартуға да мүмкіндік бар. Алайда Google-ға тиесілі YouTube видеохостингінде ақпарат үш жыл бойы сақталады.

 

Сондай-ақ...