Хабар телеарнасы

ДДСҰ аймақ елдеріне гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Duniezhuzilik densaulyk saktau uiymy

«Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін», — деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.

Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен орын алған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.