Хабар телеарнасы

Билл Гейтс әлем қашан қалыпты өмірге оралатынын болжады

Билл Гейтс әлем қашан қалыпты өмірге оралатынын болжады

Бірақ бұл бір-екі жылдан ерте бола қоймайды. Америкалық миллиардер, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осылай деді, деп хабарлады Le Figaro басылымы.

«Біз қалыпты өмірімізге бір-екі жылдан кейін ораламыз. Бұл кезеңнен эпидемияның қайта басталу қаупін жоятын жүйені құру арқылы ғана шығуға мүмкіндік бар», – деп түсіндірді Гейтс.

Гейтс әлемде қолданылып жүрген тестілеу және бақылау әдістері қазірдің өзінде көптеген елге ауру ошақтарын тез тауып, оларды бақылауға алуға мүмкіндік беріп жатқанын айтып өтті. Айтуынша, пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу оңай болмайды, өйткені адамдар шектеулерді алып тастағаннан кейін де вирусты жұқтырып алудан қорқады.