Хабар телеарнасы

Әлемде 150 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Әлемде 150 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Дерттен көз жұмғандардың қарасы 150 мыңға жетті. 565 мың науқас жазылып шықты. Вирусты жұқтырғандар мен қаза тапқандардың көбі АҚШ-та. Бұл мемлекетте індетке 677 мыңнан астам адам шалдығып, 35 мыңдай науқас қайтыс болған. 57 мыңнан астам тұрғын емделіп шықты. Америкадан кейін вирустан қатты зардап шегіп отырған Италия, Испания, Франция және Ұлыбритания елдері. Еуропаның бұл мемлекеттерінде де COVID-19 күн сайын мыңдаған адамнан анықталып, жүздеген науқас қайтыс болып жатыр. Дегенмен кей еуропалық елдер дерттің таралуы бәсеңдей бастағанын айтады.