Хабар телеарнасы

Ғалымдар коронавирустың қандай температурада толық жойылатынын тапты

Ғалымдар коронавирустың қандай температурада толық жойылатынын тапты

Зерттеу нәтижелері bioRXV порталында жарияланды. Тәжірибе барысында зерттеушілер алдымен коронавирусты бір сағат бойы 60 градусқа дейін қыздырды. Дегенмен 60 градус температурада коронавирустың әлі де көбеюге қабілетті екенін анықтады. Ал температураны 92 градусқа көтеру арқылы зерттеушілер вирустың 15 минутта жойылатынына көз жеткізді.

Негізінен 60 градусқа дейін қыздыру вирусты залалсыздандыру хаттамасының стандартты процедурасы болып табылады. Зерттеудің вируспен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге жұқтыру қаупін болдырмауға көмектесе алатыны айтылған.