Хабар телеарнасы

Алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина салынған адам әсерімен бөлісті

Koronavirus vaktsina

«Бірінші күні аздап дене қызуым көтерілді. Екінші күні қолым қатты ауырды. Бірақ содан кейін бәрі жақсы болды», – деді ол. Еріктінің айтуынша, ол тәжірибеге қатыса отырып коронавирусты жеңуге өз үлесін қосуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге ол бұл процеске қатысқанын мақтаныш ететінін айтып өтті. Жақын арада 44 жастағы Халлерге вакцинаның екінші дозасы салынады. Осылайша ол 2021 жылдың көктеміне дейін мамандардың бақылауында болады. Сиэтл қаласындағы Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институты жаңа SARS-CoV-2 коронавирусына арналған вакцинаны адамдарға сынап көруді бастағанын наурыз айының ортасында хабарлады. Тәжірибеге қатысып жатқан еріктілер жыл бойы бақылауда болады. Вакцина сынағына 45 ерікті алынды. Зерттеу тәжірибелік вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға және қатысушылардың иммундық реакциясын байқауға, сондай-ақ оңтайлы дозаны анықтауға мүмкіндік береді.

«MRNA-1273» деп аталған вакцинаны Сиэтл институты Кембридж қаласында орналасқан Moderna биотехнологиялық компаниясымен бірлесіп жасаған. Ол жануарларға жасалған сынақтан сәтті өтті.