Хабар телеарнасы

БҰҰ Бас хатшысы діни басшыларға үндеу жасады

Gutterish

Антониу Гутерриш бейбітшілікке жету және COVID-19 вирусын жеңу үшін күш біріктіруге шақырды. Бұл күндері шіркеу, меш пен синагогаларға баратын жұртқа Бас хатшы санитарлық ережелерді сақтап, құшақтаспай, бір-бірінен бір метр қашықтыққа жақындамауға нұсқау берді.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Біз сюрреализмге ұқсап кеткен дүниеге бейімделуге тырысып жатырмыз. Көшелер қаңырап, дүкендер мен ғибадатханалар жабылған. Бұл қасиетті күндері осы сұмдық вируспен күресіп жатқан денсаулық сақтау саласының ержүрек мамандарына ерекше назар аударайық. Індетке төтеуге әлсіз жандарды еске алайық. Бұл соғыс жүріп жатқан аймақтар – босқындар лагерлері мен лашықтарда және вируспен күресуге шамасы жетпейтін өңірлерде тұрып жатқан халықтың ортасы.