Хабар телеарнасы

Қытай коронавируспен күресу үшін медицина қызметкерлерін Қазақстанға жіберіп жатыр

Kytaidan komek

Ұсыныс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесу барысында COVID-19 инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында келісілді.

Қытай тарапынан 13 эксперт келеді деп күтілуде. Оларға арнайы борт жасақталады. Медициналық топ 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына келіп қонады.

Делегациямен бірге ҚХР-дан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі де күтілуде.