22:30Эфирде: «Қазақ хандығы» телехикаясы
23:30Әрі қарай: Кино. «Путь лидера. Железная гора»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

  • Категория: Әлемде
images.app.goo.gl

31 наурызда Италия ұлттық туын төмен түсірді.

Сөйтіп елдегі мыңдаған адамдардың өмірін үзген коронавирустық инфекция құрбандарын еске алды.

Польшада карантин күшейтілуде: саябақтар, алаңдар мен басқа да қоғамдық орындар жабылады. Ал бейсенбіге дейін барлық отель мен хостел жабылуы тиіс. Супермаркеттерде кассадағы кезек үш адаммен шектеледі.

Германияда вирусқа байланысты көз жұмғандар саны сейсенбі күні 600 адамға жетті. Süddeutsche Zeitung газеті хабарлағандай, олардың 31-інің жасы 60 жастан төмен болған.

Беларусьте коронавируспен ауырғандардан алғашқы адам көз жұмды. 76 жасына қараған шағында Витебск драма театрының актері Виктор Дашкевич қайтыс болды.

Нью-Йоркте шұғыл дала госпитальдары ашылуда. АҚШ-тағы басқа штаттар карантин шараларын жедел қолға алып жатыр. 31 наурызда Мэриленд, Вирджиния, Аризона және Теннеси штаттарының билігі карантин енгізді. 31 наурыз күнгі жағдай бойынша 50 штаттың 32-сі осындай шаралар енгізген.

Сондай-ақ...