Хабар телеарнасы

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады

Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында хабарлады.

Әлемнің 114 мемлекетін жалмаған қауіпті коронавируспен күрес жалғасуда. Індет жетпеген мемлекеттер сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл тақырып аясында брифинг өткізеді. Жаһандағы соңғы мәліметтерге сүйенсек, коронавирус 120 мыңға жуық адамға жұқты. 4600-ден астамы көз жұмған. Ал Қытайда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 80 мыңнан асады. 77% дертінен айыққандар қатарында.