«Хабар» Агенттігінің журналистері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Марапаттарды «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли табыс етті. Медиахолдинг басшысы өз сөзінде әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
Өңірлік тілшілер - Мағауия Қалиев пен Әнел Есенбердина «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Отандық теледидарды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамоталарымен келесі қызметкерлер марапатталды:
Ирина Камышова – «Хабар» арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі жаңалықтар бөлімінің бас редакторы;
Лаура Байбатчанова – «Хабар» арнасының ақпараттық-талдау бағдарламалары қызметі жаңалықтар бөлімінің редакторы;
Анна Абрамова – «Хабар» арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі аналитикалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі;
Айдана Кәрібжанова – «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің бас редакторы;
Жандос Жұмабеков - өңірлік тілшілер қосынының меншікті тілшісі.