01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасында мысық-тележүргізуші пайда болды

«Хабар» арнасында мысық-тележүргізуші пайда болды

«Хабар» арнасында «Оян!» бағдарламасы көрерменге жол тартты.

Аптасына 5 рет дүйсенбі-жұма күндері аралығында таңғы 07:00-ден 10:00-ге дейін қазақстандықтар спорттық жаттығу, йога, тарих, мәдениет, аспаздық кеңестер, лайфхак, бизнес, экстрим секілді тақырыптарды қамтитын танымдық айдарлардан тұратын екі сағаттық марафонды тамашалай алады.

Шоудың бірінші шығарылымында жоба журналистері елордалық тәлімбақ жұмысы туралы айтып, ол жерден кішкентай мысықты алып келді. Енді ол жүргізушілермен бірге студия қонақтарын қарсы алып, «Хабар» арнасының тікелей эфиріне шығып тұратын болады.

Әзірге кішкентай «жүргізушінің» есімі қойылмаған. Мысыққа ат беруге ниетті қазақстандықтар жобаның Instagram-дағы @oyanqz парақшасына өз нұсқаларын белсенді ұсынып, хат жазуда. Жоба авторлары қандай нұсқаға тоқтап, мысыққа қандай есім бергенін бағдарламаның ертеңгі шығарылымында білетін боламыз.

Сондай-ақ, бүгін, 1 маусым күні, сағат 22:30-да «Хабар» арнасында «Не хабар?» бағдарламасының алғашқы көрсетілімі болады. Бұл – подкаст форматындағы жаңа жоба. Көрермен студияға қоңырау шалып, еркін әңгімеге қосылып, өз пікірлерін білдіре алады.

Сондай-ақ...