Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Ләззат Жүнісова «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін ол «Қазмедиа орталығы» ЖШС Бас директоры болған.

1991 жылы Семей технологиялық институтын «Экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Л. Жүнісова Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған.

2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.

2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.

2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың мамыр айынан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС Бас директоры болды.