+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» Агенттігі мен АТМ елдері хабар тарату одағы мамандар біліктілігін арттырудан ынтымақтастықты арттырады

«Хабар» Агенттігі мен АТМ елдері хабар тарату одағы мамандар біліктілігін арттырудан ынтымақтастықты арттырады

«Хабар» Агенттігі» АҚ мен Азия-Тынық мұхиты елдері хабар тарату одағы мамандардың біліктілігін арттыру бағытында ынтымақтастықты арттырады.

2022 жылғы 14 сәуірде «Хабар» Агенттігі» АҚ (Агенттік) Басқарма Төрағасы Берік Уәли мен Азия-Тынық мұхиты елдері хабар тарату одағының (Одақ) Бас хатшысы Джавад Моттаги арасында онлайн режимде кездесу өтті.   

Кездесуде Агенттік пен әлемнің ең үлкен хабар тарату одағы арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайы сөз болды.

Одақтың Бас хатшысы «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымның іс-шараларына белсенді қатысып жүргенін, өткен жылғы сайлауда Агенттік үш жылдық мерзімге Одақ Кеңесінен орын алғанын атап өтті.

Осы орайда Берік Уәли Одақ Кеңесі отырысын биыл тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында үйлестіруге ұсыныс білдіріп, Джавад Моттаги оған қуана келісетіндерін жеткізді. 

Сонымен қатар кездесуде Агенттік қызметкерлерінің Одақ ұйымдастыратын тренингтер мен вебинарларға тегін қатысуы, тағылымдамалардан өтулеріне барынша жағдай жасау, контент алмасуды арттыру мәселелері талқыланды. 

Кездесу қорытындысында Агенттік пен Одақ арасында Өзара келісім және түсіністік туралы меморандумға қол қою жайын пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ...