Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында отандық телевизия тарихындағы тұңғыш 10 күндік телемарафон басталды

«Хабар» арнасында отандық телевизия тарихындағы тұңғыш 10 күндік телемарафон басталды

Тележоба бүгін, 14 наурыз күні «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартты.

«Жаңа күн - Жаңа Қазақстан» мерекелік телемарафоны таңғы сағат 7.00 - ден түнгі 00.00-ге дейін «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтеді.

Биылғы марафон 10 санымен тығыз байланысты. Телемарафон 10 күн, 10 қайырымды іс, 10 маңызды оқиғаны қамтымақ. Жоба аясында студияға келетін қонақтармен сұхбаттар жасалады, ұлттық спорт түрлерінен көптеген жарыстар ұйымдастырылып, жүлде таратылады, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіледі.

Мереке күндері «Хабар» телеарнасы ең жарқын жобаларды көрермен назарына ұсынбақ: мерекелік концерттер, деректі фильмдер, телехикаялар, сүйікті бағдарламалардың арнайы шығарылымдарын ұйымдастыру жоспарланған. Іс-шараға «Tangy Habar», «Бүгін», «Большая неделя», «Қорытынды жаңалықтар» циклдік бағдарламалары мен «Түнгі Хабар» кешкі шоуы атсалысады.

Эфир барысында бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен тікелей қосылулар ұйымдастырып, шет елдердегі тілшілер арқылы Наурыздың әлем елдеріндегі тойлануы туралы ақпарат беріледі. 

Бүгіннен бастап наурыздың 23-не дейінгі аралықта «Хабар» арнасынан «Жаңа күн - Жаңа Қазақстан» телемарафонын тамашалауды ұмытпаңыздар.