Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасының телехикаяcы Youtube-тің трендтері қатарына ілікті

5 наурыздан бастап көрермен назарына ұсынылған «Шымкент – менің махаббатым» жаңа мелодрамасы Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірін бағындыруға аттанған жас PR-маманның тағдыры туралы баяндайды.

Гүлнұр Мамасарипова, телехикая продюсері:

- Телехикаялардың көбі Алматы қаласында түсіріледі. Біз ерекшеленіп, түсірілім үшін Шымкент қаласына аттандық. Сериалдардың көмегімен өңірлердің дамуына да үлес қосуға болады деп ойлаймын.

Фильмдегі басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров пен Кәмшат Жолдыбаева ойнайды. Көріністердің бірін танымал әнші Мақпал Исабекова сомдап шықты.

«Шымкент – менің махаббатым» телехикаясы 5 күн ішінде алғашқы миллион көрсетілім жинады. YouTube-те жарияланғаннан кейін бірнеше сағат ішінде сериалды 20 мың қолданушы көрді. YouTube қолданушылары жаңа маусымның жобаларына жақсы пікір қалдырып, өздерінің қызыға қарайтын телехикаяларының жалғасын түсіруді талап етуде. «Хабар» телеарнасы өз көрерменін қуантуды жалғастыруда. Қазіргі кезде екі қарындастың тағдыры туралы сыр шертетін «Бөлелер» телехикаясы көрсетіліп жатыр.