01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

«Хабар» арнасында «Қасіретті қаңтар. Мародёрлар» фильмінің көрсетіледі

«Хабар» арнасында «Қасіретті қаңтар. Мародёрлар» фильмінің көрсетіледі

Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» жаңа деректі фильмі көрерменге жол тартады. Жоба – Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің жалғасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» Агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» фильмін көрсеткен болатын. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін туындының сюжеттік желісі қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделді.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты екінші фильмде көрермен назарына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың эксклюзив сұхбаттары ұсынылады. Фильм мародерлар туралы жаңа фактілерді талқылап, олардың өзіндік пікірлерін ашып көрсетеді.

Айгүл Әділова, жоба авторы:

- Қазір қоғамға елімізде туындаған қиындықтар кезінде өз пайдасын ойлаған мародерлардың іс-әрекеті күрделі мәселе екенін түсіндіру өте маңызды. Фильмнің мақсаты мародерлардың әрекеттерін ашық көрсетіп, олардың көзқарастарын, қылмыс жасауға ненің итермелегенін білу болды. Адамдарға жазаның қолданылмай қалмайтынын түсіндіру қажет.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 23 ақпан күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көріңіздер.

Сондай-ақ...