Хабар телеарнасы

«‎Батырлар»‎ фильмін Ресейдің үздік стримингтік платформаларынан көруге болады

«‎Батырлар»‎ фильмін Ресейдің үздік стримингтік платформаларынан көруге болады

2019 жылдан бастап ресейлік видеоларды қарау қызметтерін ұсынатын компаниялар Агенттіктің телехикаялары мен фильмдерін тарату құқығын сатып алуды қолға алды.

Осы аптада «Хабар» Агенттігі танымал ресейлік стримингтік платформада «Батырлар» тарихи фильмін орналастыру туралы шартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, фильм қазақтардың қалмақ-ойраттармен болған шайқастары туралы баяндайды және мемлекет бірлігі тақырыбын қозғайды. Кинокартинаның негізінде Қарасай, Ағынтай және Таймас батырлар туралы аңыздар жатыр.

Бүгінгі күні бес шетелдік стримингтік платформаларда «Хабар» Агенттігінің 50-ден астам жобасы қарауға ұсынылған. «Келінжан», «Полигон», «Шестой пост», «Қарлығаш ұя салғанда», «Дала қырандары», «Рауза» телехикалары және «Жена» деректі фильмі жоғары рейтингке ие болды.