16:00Эфирде: Телесериал «Клад могилы Чингисхана»
17:45Әрі қарай: «На крючке» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» телеарнасы көрерменге Тәуелсіздік тұғыры туралы тың жоба ұсынады

«Хабар» телеарнасы көрерменге Тәуелсіздік тұғыры туралы тың жоба ұсынады

«Хабар» арнасында жаңа жоба! 9 қазаннан бастап әр аптаның сенбі күні сағат 20:00-де Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдың ой толғауы» атты арнайы тақырыптық-сараптамалық хабарлар циклі ұсынылады.

«Хабардың» модераторы – тәуелсіздік алған тұста ақпарат саласын басқарған алғашқы министр, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов.

Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Өткен 30 жылға сараптама жасау ­– негізгі мақсатымыз. Бір жағынан естелік ретінде, үлкен тәжірибе ретінде. Сондай-ақ осы бүгінгі өмірімізге көзқарасымыз жайлы, жасалып жатқан және жетпей жатқан жетістіктеріміз, кемшіліктерімізге де сараптама жасаймыз. Тәуелсіздігімізді сақтау жолына бағытталса екен дейміз.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- 30 жыл деген қасқағым сәт. Осы уақытта Қазақстан жүздеген жылдар кейбір мемлекеттер өтетін өткелден өтті. Соған «Хабар» арнасы Тәуелсіздігімізге арнап, арнайы хабар беріп жатыр екен. Мен бұны қолдадым. Әдейі келіп, соған қатыстым. Бұлар ­– «Тәуелсіздік» деген қуанышын бойға сіңіретін, үлкен тарихи кезеңдер.

Сондай-ақ...