Хабар телеарнасы

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан көз жұмды

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан көз жұмды

Қазақ  телевизиясының  ардагері, ақпарат саласының үздігі, спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 52 жасында дүниеден озды. Марқұм 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991жылы «Спорт» газетінде бастап, қазақ журналистикасының спорт саласын бір кісідей меңгерген ардагерге айналды. 1997 жылдан «Хабар» Агенттігінде қызмет атқарды. 

Марқұмның отбасына, туған-туыстарына «Хабар» Агенттігі ұжымының атынан қайғырып көңіл айтамыз. 

«Хабар» Агенттігінің тілшісі Амангелді Сейтхан: Корейлер – қарапайым, байсалды халық: https://www.youtube.com/watch?v=2cE4KBXhNlw 

«ТәрбиеLIKE». Амангелді Сейітханның өмірі мен өкініші: https://www.youtube.com/watch?v=95nLmdGhPB8