02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасы «ECO MEKEN» экологиялық тақырыптағы алғашқы реалити-шоуының тұсауын кеседі

«Хабар» арнасы «ECO MEKEN» экологиялық тақырыптағы алғашқы реалити-шоуының тұсауын кеседі

«Хабар» арнасы бұрын-соңды болмаған экологиялық жобаның тұсауын кеседі. Тың туынды «ECO MEKEN» деп аталады.

Мақсаты – қоғамда экологиялық мәдиниетті қалыптастыруға, айналаны таза ұстауға бейімделетін шараларды көбейтуге ықпал ету.

Сыртқы әлемнің сырын кетірмей, сыйын келтіретін игі бастамалар табиғатты аялауға, таза ұстауға шақырады. Себебі қоршаған ортаны өзгерту өзімізден басталады. Ұйымдастырушылар экологиялық байқау еліміздің әр өңірінде өтетінін еске салды. Бәске түсетін бәйгенің құны да аз емес.

Қазір әлем экологиялық апаттың кермек дәмін татудың аз-ақ алдында тұр. Халықаралық ұйымдар мен қоғам белсенділері осылай деп дабыл қаққалы қашан?! Бәрінің көздегені – қоршаған ортаны таза ұстау. Бұл Қазақстанға да қатысты. Осыған орай «Хабар» арнасы тың жоба әзірледі. Еріктілер көшеге шығып, бағдарлама туралы үлкенге де, кішіге де кеңірек мәлімет беруге тырысты.

Малика Құлымжанова, волонтер:

 - Бүгін біздің тың жобамыз жарыққа шықты. Байқауға жасы 18-ден асқан кез келген ел азаматы қатыса алады. Егер қалдықтарды қайта өңдеу немесе қоршаған ортаны таза ұстауға қатысты бизнес-идеяңыз болса, «Хабар» арнасының сайтында өтінім қалдырсаңыз болады.

Жобаға қатысу үшін арнаның сайтына кіріп, өтінім толтыру жеткілікті. Тек мәліметтер 3 маусымға дейін ғана қабылданады. Одан кейін 30 шақты адам іріктеліп, шынайы оқиғаларға негізделген экологиялық бәсекенің көркін қыздырады. Бағдарлама еліміздің барлық аймағында түсіріледі.

Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:

- Біріншіден, жобаның маңыздылығын қараймыз. Екіншіден, эко реалити-шоу барлық аймақта түсіріледі. Экологиялық мәселелер еліміздің барлық өңірінде бар.

Медет Құмарғалиев, компанияның басқарма төрағасы:

 - Осы «ECO MEKEN» деген реалити-шоуды бастағалы отырмыз. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату секілді экологиялық мәселелерді шешу, олардың жолын қарастыру.

Жоба жеңімпазы желтоқсан айында белгілі болады. Бас бәйге – 10 млн теңге. Екінші орынға 5 млн, ал үштіктен көрінген азаматқа 3 млн теңге үлестіріледі. Қатысушалар қанжығасын майлап қайтудан бөлек, өздерінің бизнес-жобаларын жүзеге асыра алады. Әрбірден соң әр азамат өзінің қоршаған ортаның алдындағы парызын орындап, қоғамға зор пайдасын тигізуге ықпал етеді.

Сондай-ақ...