02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Байланыс саласының еңбек сіңірген қызметкері Валентина Ключникова қайтыс болды

Байланыс саласының еңбек сіңірген қызметкері Валентина Ключникова қайтыс болды

2021 жылы 13 мамырда байланыс саласының еңбек сіңірген қызметкері Ключникова Валентина Ефимовна ұзақ уақытқа созылған дерттен қайтыс болды.

Валентина Ефимовна телерадиохабар тарату жүйесінде 45 жылдан астам еңбек етті. Ол «Хабар» Агенттігі» АҚ-да техникалық дирекцияның техника жөніндегі директоры лауазымын атқарды, кейінірек Агенттіктің бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды. Валентина Ефимовна Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшуге дайындық жұмыстарына қатысты. Ол әрдайым әріптестеріне үлгі және жас қызметкерлерге тәлімгер болды.

«Хабар» Агенттігінің ұжымы мен басшылығы Валентина Ефимовнаның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


Сондай-ақ...