Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі: тілші Нұрлан Жақыпбеков вакцина салдырды

Оның 3 мыңға жуығы ресейлік вакцинаның қос компонентін қабылдап үлгерді. Біздің осы өңірдегі тілшіміз де «Спутник V» вакцинасының әсері туралы көрерменге екжей-тегжейлі айтып беру үшін өзіне екпе салдырған еді.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Бұл – Қызылорда қаласындағы №3 емхана. Мұнда күніне шамамен 200-дей адам екпе салдырады екен. Қазірде ауырмаудың жолын іздеген мұғалімдер, полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер екпе алуға кезекте тұр.

Шавкат Раджапов, №3 емхана вакцинаторы:

- Ең бастысы, вакцина салдырғаннан кейін міндетті түрде 3 күн бойы суға түспей, жылы жүру керек. Вакцинадан кейінгі реакцияларға қызу көтерілу, бас ауруы, әлсіздік, мазасыздық және салынған жердің ісініп, қызарып, кішкене ауырсынуы жатады. Спортпен шұғылдануды уақытша қоя тұрған жөн, өйткені қол ауырсынғаннан кейін қатты күш салуға болмайды. Сондықтан өзіңіздің жағдайыңызға байланысты 3 күнге дейін спортты қоя тұрғаныңыз дұрыс.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Жарты сағат өтті. Жалпы өзімді жақсы сезініп тұрмын. 3 күн бойы учаскелік дәрігердің бақылауында боламын. Сарапшылардың пайымынша, бір адам жеті адамға індет жұқтыруы мүмкін. Ал журналистердің қызмет барысында күн сайын бірнеше адаммен кездесіп, сұхбаттасатыны белгілі. Өзімнің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарай отырып, осындай қадам жасадым.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов