Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Полигон» телесериалын ұсынады

Туынды – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи шешімі жайлы.

Оқиға желісі ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңында басталады. Қазақстан Компартиясы, Семей облыстық комитетінің Бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев пен антиядролық қозғалыстың жетекшісі Олжас Сүлейменовтің қандай қиындықтарды бастан өткергені көрсетіледі.

Бұл жобаны жасауға шығармашылық топ 4-5 айдай уақыт жұмсаған. Туынды 6 сериядан тұрады. Оның түсіріліміне актерлерден бөлек, 300-ден аса адам қатысты.

Семей ядролық полигоны жайлы телесериал, бүгін 21:40-та басталады көріңіздер!