Хабар телеарнасы

Тәуелсіздік күніне тарту! Жас әнші Ержан Максимнің жаңа бейнебаянын «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!

Ән «Қазақтың ұлдары» деп аталады. Туындыны талантты жас әнші Ержан Максим орындайды. Ержан Максимнің жаңа клипі «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. «Қазақтың ұлдары» деп аталатын әннің сөзін ақын Рахат Әбдірахманов жазған. Музыкасы Ерболат Досболатұлынікі.

Клипке Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров секілді спортшылар мен әншілер түсті.

Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы болғай!