Хабар телеарнасы

«Орындалмас арман» телехикаясы көрерменге жол тартады

Туындыда куаныш пен өкініш, байлық пен мансап, жалпы қазіргі заман бейнесі көрініс тапқан. Телехикая 25 жастағы Қайрат пен оның отбасында болып жатқан сан-алуан оқиғаларды баяндайды. Басты қақтығыс Қайрат пен өгей әкесінің арасында өрбиді. Шетелден білім алып, Алматыға барған Қайрат өзінің жүрек қалауы Іңкәр есімді арумен тағдырын қосқысы келеді. Бірақ бұл шешімге анасы қарсы шығады. Себебі неде? Оның жауабын сейсенбі, сағат 22:30-да көрсетілетін жаңа телетуындыдан біле аласыздар.