Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Соңғы үміт» телехикаясын ұсынады

Көрермен назарына «Соңғы үміт» телехикаясы ұсынылады. Онда отбасылық құндылықтар мен қазақи салт-дәстүр кеңінен насихатталып, ата-ана мен бала және келін арасындағы қарым-қатынас сипатталады.

Туынды қазақ тілінде таспаланған. Ерте көктемде басталған түсіру жұмыстары әлемді жайлаған пандемияға байланысты біраз уақытқа тоқтап қалған еді. Бірақ қолға алынған жоба ойдағыдай аяқталыпты. Қоюшы-режиссер Төлеген Бейсеттің пайымынша, телехикая көрермен көңілінен шығады.