Хабар телеарнасы

«Ақсақалдар әдебі» деректі фильмі

Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Бұған түрлі оқиғаларды кешкен ұлт тарихы дәлел. Қазақтың өмірі, тілі, ділі мен мәдениеті жойылудың аз-ақ алдында тұрған кездер болды. Бірақ ұлт тағдырын шешкен ақсақалдар елін ертеңіне сендіріп, жерді қорғау үшін бірлігін нығайта алды. Таластырмай, дау-жанжалдарды бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатты. Бұл – қазаққа тән феномен. Бабаларымыз рухты жықпау үшін елдік пен ерлікті дәріптеп, жеті буыннан асқан ру-тайпалармен құдаласып, қызын алысқа ұзатты. Салт-дәстүрді ұстанып, құда-жекжат, нағашы-жиендік қарым-қатынастар арқылы халықтың ынтымағын жарастырды. Демек, ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтергеннен-ақ отбасылық құндылықтарды негізге алды.
Осы дәстүрдің бәрі – қариялардың салиқалы сөздері мен өнегелі өсиеттерінің арқасы. «Ақсақалдар әдебі» деректі фильмінде!