Хабар телеарнасы

«Бейбітшілік кепілі» деректі фильмі

Әлемнің даму бағыты тұрақсыз. Жер-жерде болып жатқан құбылыстар халықаралық қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде біздің елімізге де өз әсерін тигізбей қоймайды. 

Тәуелсіз, тұғыры биік ел болсақ та, ұлттық бірегейлікті жүзеге асырып, беріктігімізді бекемдеу – заман талабы.

Кез келген қиындықты жеңетін күш – бірлік. Кеше жерді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, бүгін сол мемлекет тұтастығын сызат түсірмей сақтап қалу үшін де соншалықты қажет.