Хабар телеарнасы

«Тасжолдағы апат» деректі фильмі

Бұл – бір қаланың халқы. Көліктен келетін кесапат көп. Республика жолдарында қаза тапқандар саны Сирия мен Ауғанстағы соғыста мерт болғандармен теңесіп қалды.

Техника мен технология дамыған заманда 7 айлық жерге санаулы сағаттарда жететіндей мүмкіндік бар. Бірақ сол мүмкіндікпен бірге қауіп-қатер де еселеніп отыр. Жол-көлік оқиғасына көп жағдайда жүргізушілер кінәлі. Олай болса «Тасжолдағы тажалды» қалай тоқтатамыз?