Хабар телеарнасы

«Жауынгер». «Басқұншы» шекаралық заставасы

Еліміздің ҚХР-мен арадағы мемлекеттік шекарадағы кірпік қақпай қорғайтын жауынгерлердің бір тобы – «Басқұншы» шекара заставасының сарбаздары. Жаркент шекара жасағының құрамындағы бейбіт өміріміздің сақшылары теңіз деңгейінен 1058 метр биіктікте орналасқан Басқұншы елді мекеніндегі екі елдің арасын қақ бөліп жатқан Қорғас өзенінің бойына табан тіреген.

«Басқұншы» шекара заставасының өмірі, сарбаздары жайлы толығырақ «Жауынгер» бағдарламасының бұл шығарылымында!