Хабар телеарнасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы». 14-шығарылым

«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі озық ойлы жастардың басын қосып, білім бәйгесінде бағын сынаған үздік тележобалардың бірі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын зияткерлік сайысы 15 жыл бойы қалың көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналып үлгерді. Жобаның негізгі мақсаты ­– білімді және дарынды жастарға қолдау көрсету, ғылыми ізденістерін арттырып, өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру.