Хабар телеарнасы

Кемел Ақышев. «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

Есіктен табылған кешегі «Алтын адам» – бүгінгі елдік пен тәуелсіздіктің тұғыры. Бұл ескерткіш – Жер бетіндегі адамзат атауының өрісі әлі толық жетілмей, санасы таяз тұрған ықылым заманда рухы асқақ, өресі биік, өр мінезді ел болғандығының бұлтартпас айғағы. Осы олжаны қазақтың қанжығасына байлап, тарихына таңбалап кеткен Кемел Ақышев «кемеңгер археолог» деген атаққа әбден лайық.

Ғалымның өмір шежіресі мен жетістіктері «Тарих. Тағдыр. Тұлға» бағдарламасында!