Хабар телеарнасы

«Tańǵy fresh». 09.01.2021

9 қаңтар – «Қазақфильм» атауына 60 жыл. Tańǵy fresh бағдарламасының бүгінгі шығарылымы осы айтулы күнге арналады.

Эфир барысында еліміздің басты киностудиясының классикалық туындыларының топтамасымен танысып, бағдарлама қонағы қазақ киноиндустриясында өзіндік орны бар  актриса, тележүргізуші, «Бөпе» қорының құрылтайшысы Айнұр Ілиясовамен қызықты сұхбаттың куәгері болыңыздар.

Одан бөлек, дұрыс тамақтану, 2021 жылғы сән трендтері, бала тәрбиесі сынды өзекті тақырыптар қозғалады.

Кітапқұмарлар мен адреналин сүйетін жандар да өздеріне қызықты сюжеттерді таба алады.  

Жалпы естеріңізге сала кетейік, Tańǵy fresh – ақпараттық-танымдық бағдарлама. Мұнда 60 минут бойы қызықты сұхбаттар, аспаздық, сұлулық пен сән әлемі және басқа да тақырыптардағы пайдалы ақпарат пен креативті сюжеттер көрсетіледі.

Айнұр Ілиясова: Органикалық тағамдарды жақсы көремін Дұрыс тамақтана білу керек! Бізбен бірге итальяндық тағам әзірлеңіз!
   
Сән әлемінде қандай өзгерістер бар?