Хабар телеарнасы

Тығыз құрылысқа тыйым салына ма? «Негізінде...»

Қазір ірі шаһарларда ине шаншитын жер жоқ. Жапсарлатып салынып жатқан ғимараттар қаланың тынысын тарылтып, берекесін қашырды. Бұны қарапайым халықтан бастап, депутаттарға дейін көтерді, көтеріп те жатыр.

Әлемдік құрылыс стандартына сәйкес, қала кеңістігінің 70% тұрғын үй құраса, қалған 30% инфрақұрылым болуы тиіс. Мектеп, балабақша, саябақ, т.б. Бұл – әлемдік қағида.

Ал бізде: «Ережені елемейтіндер көбейді», - дейді сарапшы

Бұл мәселенің шешімі бар ма? Құрылысшылар қағидаға неге бағынбайды?