Хабар телеарнасы

Көзін көшеде ашқан сәби. «Негізінде...»

Шымкентте баласын туа сала тастап кеткен «көкек ана» табылды. Бұл жаңалық сізді елең еткізбеген шығар. Бұл тіпті жаңалық емес, өсекке айналып бара жатқандай. Пәленшенің қызы, түгеншенің баласы... Содан болар мұндайға бойымыз үйреніп кетті. Үйренгені соншалық, жыл сайын осындай ақпаратты аттап өтеміз.
Есіңізде ме?! Осыдан біраз жыл бұрын: «Жаңа туған нәрестені дәретханаға тастап кетіпті», - деп жұрт дүрлігіп еді. Қоғам қабылдай алмады. Бірақ осыдан кейін бірте-бірте етіміз үйрене бастады, иә?! Уақыт өткен сайын «қоқыстан, көшеден, даладан табылыпты» дегенді жиі ести бастадық.