Хабар телеарнасы

«Қолда я жолда». Қатысушының шешімі: 1 000 000 немесе 215 0000 теңге?

22 жәшікті ашуды мақсат еткен «Қолда я жолда» жобасы миллионер атануға зор мүмкіндік бермек. Ойын ережесі бойынша жәшіктерде 1 теңгеден бастап 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген. Ойыншы бағдарламаның бастапқы бөлігінде барынша ең төменгі соманы тауып, олардан құтылу керек.
Қатысушыға банк 215 000 теңге ұсынады. Ашылмаған жәшіктердің ішінде 1 000 000 және 75 000 теңге бар. Қалай ойлайсыздар, қатысушы қай соманы қанжығасына байлайды екен? Десек те таңдау оңайға соқпасы анық. Қатысушы: «Бұл жоба – ең бақытты сәттерімнің бірі» деп ерекше толқынысын білдірді.