«Қолда я жолда». Ішкі түйсік немесе логика. Қатысушыға не көмектеседі?
22 қатысушы және 1 теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі ақшалай сый жасырылған 22 қорапша.
⠀
Ойыншы өзінің ішкі түйсігіне сеніп, өзге қатысушылардың қорапшаларын аша бастайды. Ашылған қораптар ойыннан шығарылады. Бұл жердегі басты мақсат – аз мөлшердегі ақшасы бар қораптарды ашып, қомақты сомасы барларын қалдыру. Себебі қатысушы ойын соңында қалған үш қораптың бірін таңдайды.
⠀
Дегенмен ойын біз айтқандай жеңіл емес. Бағдарлама барысында Банк өзінің ұсыныстарымен қатысушыға хабарласып отырады. Оның міндеті – ойыншыға қомақты қаржыны иеленуге мүмкіндік бермей, аз сомаға келісу.