Хабар телеарнасы

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы. «Бүгін»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Президент облыстың және орталығы Жезқазған қаласының даму перспективаларымен танысты. Мемлекет басшысы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысуда.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтуінің маңыздылығы неде? Ұлттық құрылтай демократияны дамыта ала ма?
Студия қонақтары:
1. Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
3. Бауыржан Серікбай, саясаттанушы
4. Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі