Хабар телеарнасы

Зейнет жасын төмендету қажет пе? «Бүгін»

Өткен аптада қоғамда зейнет жасына қатысты қызу пікірталас туды. Оған әрине, Сенат депутаты Дана Нұржігіттің пікірі негіз болғаны анық. Үкімет ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын төмендетуді қарастырып жатыр. Бұл жерде бәрін бөлек-бөлек қарамай, әйелдердің де зейнетке шығу жасын да осы жерде қарап, бұл мәселені тездету керек сияқты. Бұл мәселенің шешімін күткен жандар көп. Осы сөзден кейін әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар жария бола бастады. Осы тұста бұл шешімін табатын сұрақ па және зейнет жасын төмендетудің маңызы қандай?
Студия қонақтары:
1. Әлия Әбсеметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Ләззат Жанмолдаева, экономист
3. Тұрсын Төлегенқызы, заңгер
4. Тұрар Сәттарқызы, қоғам белсендісі
5. Назгүл Мағжан, Қазақстанның Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары